Уәлихан Қайсар "Әділет" партиясының сайлау тізіміне енді

Саясаткер Уәлихан Қайсар. Астана, 3 желтоқсан 2011 жыл.

Бұрынғы оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсар "Әділет" партиясынан сайлауға түсетін кандидаттар тізіміне енді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бүгін Астанада өткен «Әділет» партиясының кезектен тыс съезінде Уәлихан Қайсар партия жетекшісі Мақсұт Нәрікбаевтің бірінші орынбасары болып сайланды. Қаңтардың 15-іне белгіленген кезектен тыс парламент сайлауына бұл партиядан нақты қанша адамның түсетіні әзірше белгісіз.

Қарашаның 30-ы күні Уәлихан Қайсар «Руханият» партиясының съезіне келмей қалған болатын.

Оппозициялық "Азат" ЖСДП партиясының бұрынғы мүшесі Уәлихан Қайсар биыл сәуір айындағы президент сайлауына түсуге ниет білдіргенімен, қазақ тілі емтиханынан өтпей қалған еді.