Сирияда қақтығыстар жалғасып жатыр

Көрнекі сурет.

Сирияда президент Башар әл Асад режиміне қарсы сегіз айға созылған қақтығыстардан бүгінде 23 адам қаза тапты.

Бұл елдегі адам құқықтары жағдайын бақылап отырған топтың хабарына қарағанда, Идлиб қаласындағы қақтығыста құрбан болғандардың 7-і қауіпсіздік күштері, 5-і қарулы көтерілісші және 3 кісі бейбіт тұрғын болып отыр.

Сонымен қоса Хом қаласында тағы бес бейбіт адам қаза тапқаны айтылды.

Араб лигасы Сирия билігіне қақтығысты тоқтату келісіміне қол қою үшін бүгінге дейін уақыт берген. Бұл туралы мәлімдеген Қатар сыртқы істер министрі егер Дамаск ол келісімге қол қоймаса, Сирияға қарсы санкциялар болады деген.