Германияда Екінші Дүниежүзілік соғыстан қалған бомбалар табылды

Рейн өзеніндегі бомбаларды аршу жұмыстары жүріп жатыр.

Германияның батысындағы Кобленц қаласында Екінші Дүниежүзілік соғыстан қалған бомбалар табылып, онмыңдаған адам басқа жерге көшірілді.

1,8 тонна болатын бомба мен тағы бір кішірек бомба "Рейн" өзенінен табылып, Германия тарихында соғыстан бері болмаған эвакуция болды.

Бомбаларды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, 2500 адам бұл операцияға тартылды. Кобленцке баратын теміржолдар мен күре жолдар жабылды.