Кеше «Мир» деген телеарнадан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру-бермеу ұсынысы Қазақстан қоғамында қызу талқыланып жатқаны туралы бір сюжетті көзім шалып қалды.
Өзге жұрттар сайлау, азық-түлік бағасының қымбаттауы сияқты маңызды мәселелерді талқылап жатқанда Қазақстанда мұндай мәселеге тіпті дап-дардай сенат депутаттарының өздері «бас қатырып» жатқаны тіпті ыңғайсыз болды. «Оны көрген өзге жұрт не айтады екен, масқара!» деп қараптан-қарап отырып мен қысылдым.
Ал сонда сенатта отырған депутаттардың арасында біреуі шығып: «Әу, жұртым, елімізде талқылайтын бұдан маңызды тақырып қалмаған ба?
Оданша сіңірі шығып күннен күнге кедейленіп жатқан ауылдың хал-ахуалын талқылайық. Немесе бет-бейнесі барған сайын құбыжыққа айналып бара жатқан ұлттық бет-бейненің жағдайын талдайық. Бізде соншалықты бәрі керемет емес қой...» деп, тым болмағанда анда-мында өтірік болса да, халықтың жағдайын ойлағансыған кейіп танытпай ма?
Сөйтсе халық «депутаттар бізді ең болмағанда сөз жүзінде ғана ойлайды екен ғой» деп көңілі орнына түседі емес пе? Жоқ, «президент мұндай атаққа лайық деп ойлаймын...» деп өтірік көлгірсіп, шешенсиді. Бұған сонда олардың басы жетпей ме, түсінбеймін.
Сенат депутаттарын, бір қарасаңыз, ақымақ та емес сияқты. Бірақ істерін көрсеңіз, жүрегіңіз айниды. Олар сонда жеке көзқарасы жоқ, үндемей «иә» дей салатын тобыр болғаны ма? Болмаса барлығы да «президенттің ұлылығына сенетін», көзқарастары бір-бірінен айнымайтын инкубаторлар ма?
Ал премьердің өткен аптада не айтқанын білесіздер ме. Шімірікпестен: «Бұл, бәлкім, осыған дейін қол қойған құжаттардың арасындағы ең маңыздысы шығар» деп қояды.
...Қысқасы, менде бір ұсыныс бар: президентке алдағы уақытта берілуі «тиіс-мүмкін» атақ-даңқ, сыйлықтардың бәрінің тізімін жасап, бір күнде тапсырып, тыныш болайықшы, а? «Ұлы көсем», «Қазақтың жердегі жебеушісі, көктегі тіреушісі», «Ғасыр кемеңгері», «Дарабоз»... Тағы қандай атақтар бар? Идея қоса отырыңыз. Құдайдың сөзін аяймыз ба. Тек салық төлеушілердің есебінен күн көріп отырған депутаттар қоғамға тыныштық берсінші!