Иран журналистер ең көп сотталатын ел атанды

Журналистерді қорғау комитетінің веб-сайты. Көрнекі сурет.

Журналистерді қорғау комитеті әлемде сотталған журналистердің саны 1990 жылдан бері артып келе жатқанын хабарлады. Ал журналистер ең көп сотталған ел Иран болып отыр.

Баспасөз еркіндігі мен журналистер құқығын қорғайтын ұйым соңғы жариялаған есебінде әлемде сотталған 179 журналистің 43-і Иранның үлесіне тиетінін айтады. Иран билігі 2009 жылғы сайлаудан кейін журналистерді қудалай бастады және қазір де жалғасып отыр.

Журналистер ең көп сотталған елдердің иізімінде Қытай, Вьетнам, Түркия және Сирия да бар.