Ресей премьер-министрі Владимир Путин АҚШ-ты Ресейдегі сайлауға наразылық танытушылардың шеруіне дем беріп отыр деп айыптады.
Бүгін "Единая Россия" партиясына жақын "Халықтық майданы" азаматтық қозғалысы өкілдерімен кездесуде сөйлеген Владимир Путин АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ресей оппозициясының сойылын соғып отыр деп мәлімдеді.
Путин: «Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ бақылаушыларының сайлауға берген бағасы белгілі болмай тұрып «Ресейдегі сайлау әділетсіз өтті» деп мәлімдеді. Ол елдегі «ойыншыларға» дем берді. АҚШ мемлекеттік департаментінің қолдауымен «ойыншылар» белсенді әрекет етуге кірісті» деді.
Премьердің айтуынша, демонстранттардың бірқатары өздерінің саяси мүддесін ойлап жүр.
Мәскеу мен Санкт-Петербургте дүйсенбіден бері 4 желтоқсандағы сайлау барысына наразылық танытқандар шеру өткізіп келеді. Үш күн ішінде 800-ге жуық адам тұтқындалды. Демонстранттар билік сайлауды Владимир Путиннің «Единая Россия» партиясына бұра тартты деп санайды.