«Мәскеу-Ташкент» жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Мәскеуден Ташкентке бара жатқан автобус сенбі күні кешке жақын Қазақстан аумағында, Орал-Ақтөбе трассасының 80-шақырымында жол апатына ұшырады.

«Мерседес» автобусында 108 жолаушы (олардың жетеуі - әйел, біреуі - бала) болған. Зардап шеккен адамдардың жетеуі ауруханаға жеткізіліп, басқаларына апат болған жерде дәрігерлік көмек көрсетілді.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өзге жолаушылар Ақтөбе облысының Қобда кентіндегі спорт кешеніне орналастырылған.