Тараздағы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасаған қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан жол полициясы қызметкері Ғазиз Байтасов «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.
«Тараздағы отандастарының бейбіт өмір сүруі үшін қаза тапқан Байтасов «Халық қаһарманы» атағымен марапатталады. Елде тыныштықты сақтауға атсалысқан басқа азаматтар да марапатқа ие болады» деді бүгін бірқатар азаматтарды наградалармен марапаттау рәсімінде сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Қарашаның 12-сінде Таразда Мақсат Қариев есімді азамат бес полицей мен екі бейбіт тұрғынды өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберген еді.