Жак Ширак 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак.

Франция соты 79 жастағы елдің бұрынғы президенті Жак Ширакты коррупцияға қатысы бар деп айыптап, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сот Ширакты жалған жұмыс орындарын ашты және 1977-1995 жылдары Париждің мэрі болып тұрған кезде қоғамның сенімін теріс мақсатқа пайдаланды деп айыптады. Дәрігерлер Жак Ширактың қазір есіндегіні ұмытып қалатын дертке шалдыққанын айтып отыр, сондықтан ол сотқа қатысқан жоқ. Бұрынғы президент заң бұзбағанын бірнеше рет мәлімдеген еді.

1995-2007 жылдары президент болған Жак Ширак - екінші дүниежүзілік соғыстан бері істі болған Францияның алғашқы мемлекет басшысы.