Қазақстанда кейбір сайттар ашылмай қалды

«Қазақстан аумағында 16 желтоқсан күні Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында болған қайғылы оқиғаларды қамтыған socialismkz.info, respublikas.info, guljan.org, twitter.com сияқты веб-сайттар ашылмай қалды» деп хабарлады «Әділ сөз» ұйымы.

Ұйымның дерегіне қарағанда, Маңғыстау облысының орталығы Ақтаудағы журналистер Жаңаөзенге бара алмаған, өйткені қала жабық.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Жаңаөзенде 10 адам қайтыс болған.