Human Rights Watch («Хьюман Райтс Уотч») халықаралық құқық қорғау ұйымы желтоқсанның 18-інде Қазақстан билігін Жаңаөзенмен байланысты дереу қалпына келтіріп, полиция мен бейбіт тұрғындар арасындағы қақтығысты тәуелсіз түрде тексеруге шақырды.
Ұйым Қазақстан үкіметін тәуелсіз құқық қорғаушылар мен журналистердің оқиға орнында кедергісіз жұмыс жасауына мүмкіндік беруге үндеді.
Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша өкілі Михра Риттманның мәлімдемесінде Қазақстан үкіметі "төтенше жағдайды алға тартып, ақпарат алуда ақтауға келмейтін және керексіз шектеу жасай алмайды" делінген.
Риттманның мәлімдеуінше, "бұл - үкіметтің бүкпесіз жұмыс істейміз дегенін жоққа шығару". Байланыстың жоқтығынан ұйым үкіметтің тәртіпсіздіктер қалай басталғаны жөніндегі есебін қуаттай алмайды.
Желтоқсанның 16-сында Жаңаөзендегі оқиға басталған соң қаламен байланыс үзілген.