Түркияда журналистер наразылық танытты

Полиция сот залына алып келе жатқан түрік журналистері Недим Шенер мен Ахмет Сик қол көтеріп тұр. Стамбул, 5 наурыз 2011 жыл.

Кеше кешкісін Стамбулда 300-ге жуық түрік журналистері полицияның әскери тергеу кезінде журналистерді қамап әкетуіне наразылық танытып көшеге шықты.

Түрік полициясы бұған дейін ел бойынша күрд белсенділерінің қарулы сепаратистер тобымен байланысы бар деген күдікпен тексерулер жүргізіле бастаған шағында 38 журналисті тұтқындаған болатын.

Әлемде журналистер көп сотталатын Түркияда бұдан бөлек 70-тей журналист түрмеде отыр. Бірақ Түркия билігі олардың қызмет бабымен емес, басқа қылмыстары бойынша сотталғанын айтады.