Бүгін Ақтаудағы орталық "Ынтымақ" алаңына таңертеңмен Жаңаөзендегі биліктің әрекетіне наразы 10 шақты адам жиналып тұр деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Оларды 20-дай полиция қызметкері бақылап тұр. Жиналғандар ешқандай ұран көтеріп шықпаған.
Азаттық тілшісінің айтуынша, әдетте таңертең наразылық акциясына қатысушылар біртіндеп жиналады да, кешке қарай тарап кетеді. Кешегі наразылық акциясы бейбіт өтті.
Бүгін билік өкілдері жергілікті және Алматыдан келген журналистерді таңертең Ақтау қаласындағы мәйітханаға апардыі. Бұған дейін "Ақтау мәйітханасына жеткізілген Жаңаөзенде қаза тапқандардың мәйіттері тым көп" деген хабар тараған болатын. Ал интернет беттерінде биліктің Ақтауда ондаған мәйіттерді өртегелі жатқандығы туралы хабар тарады. Қазақстан билігі Жаңаөзен мен Шетпеде қаза тапқандардың саны ресми мәліметтерден әлдеқайда көп деген деректерді жоққа шығарады.
Қазақстан билігінің ресми мәліметі бойынша, желтоқсанның 16-сында Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында болған оқиғалардан 15 адам қаза тапты. Бас прокуратура оның 14-інің аты-жөнін жариялады.