Ресей премьер-министрі Владимир Путин бүгін өзін қолдаушылардың "Бүкілресейлік халықтық майданы" қозғалысының жиынында оппозицияның желтоқсанның 24-індегі шерулерде оппозицияның мемлекеттік дума сайлауының нәтижелерін жоққа шығарып, қайта сайлау өткізу талабын сынады.
Путин оппозицияға қарата "оппозицияның біртұтас бағдарламасы жоқ, шағым жасағанымен, айтар еш ұсыныстары жоқ" деді. Ол сондай-ақ "Ресей оппозициясында нақты бірдеңе атқара алатын ешкім жоқ" екенін айтты.
Ал оппозицияның парламент сайлауын қайта өткізу талабына қатысты "сайлау өтіп кетті, енді ол туралы әңгіме қозғаудың өзі мүмкін емес" деді.
Ресейде 2012 жылдың наурызында өтетін президент сайлауына түсетін Владимир Путин президент сайлауының "ашық және әділ" болатынына барлық жағдай жасалатынын жеткізді.