Бүгін Каирде Египеттің биліктен құлатылған президенті Хосни Мүбәракқа қарсы сот процесі қайта басталды. Үш ай үзілістен кейін қайта жалғасқан сотқа Мүбәракті зембілмен алып келді.
Мүбәракқа ақпан айында елде болған үкіметке қарсы толқулар кезіндегі 850-ден астам шерушінің қазасына қатысы бар деген айып тағылып отыр. Мүбәракпен бірге оның ұлдары Алаа мен Гамаль, Мүбәрактың билігі тұсында ішкі істер министрі болған Хабиб әл-Адли және қауіпсіздік қызметінің бұрынғы алты басшысы да сотқа тартылған.
83 жастағы Хосни Мүбәрак жүрегі ауыратындықтан әскери ауруханада тұтқында ұсталып отыр.