Жаңаөзенде демалыс күндері 30-дан аса адам қамалды

1 қаңтарға қараған түнде Жаңаөзен қаласында енгізілген комменданттық тәртіпті бұзған 25 адам ұсталып, 2 қаңтарға қараған түнде 8 адам қамалған. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлап отыр. Бірақ аймақта жағдай тұрақты, құқық қорғау органдарының жіті бақылауында деді Маңғыстау облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі дүйсенбі күнгі хабарламасында.

Жаңаөзен комменданты басқа облыстардан келушілерге 2500-дей уақытша қалаға кіру рұқсатын берген.

16-17 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Шетпе елдімекенінде болған қақтығыстардан ресми дерек бойынша 16 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жарақат алды. Жаңаөзенде 5 қаңтарға дейін комменданттық тәртіп енгізілген.