Ресейде оппозиция жетекшісі абақтыдан босады

Ресейдегі "Солшыл майдан" партиясының жетекшісі Сергей Удальцов Мәскеу ауруханасында жатыр. Мәскеу, 4 қаңтар 2012 жыл.

Ресейдің "Солшыл майдан" оппозициялық партиясының жетекшісі Сергей Удальцов Мәскеуде бір айлық абақтыдан босап шықты.

Удальцов 4 желтоқсандағы парламент сайлауларынан кейін өткен демонстрацияларда тұтқындалған болатын. Ол өз жақтастарын премьер-министр Владимир Путиннің отставкаға кетуін талап ете беруге және Ресейдің демократиялық жолға түсуі үшін қызмет етуге шақырды.

Ресейде желтоқсанның 4-інде парламент сайлауы өтіп, "Единая Россия" партиясы бұрынғысынан аз дауыспен жеңіске жеткен болатын. Оппозиция содан бері "сайлау әділ өтпеді" деп елде шеру өткізіп келеді.

Оппозиция ақпанның 4-інде Ресейде тағы бір үлкен шеру өткізуді жоспарлап отыр.