Ресей Мүбарактың жазасына қатысты алаңдайды

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбарак. Каир, 5 қаңтар, 2012 жыл.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің сенбі күні таратылған мәлімдемесінде Египеттің бұрынғы президенті, 83 жастағаы Хосни Мүбаракқа үкім шығарғанда Каир сотын ізгілік танытуға шақырған.


Бейсенбі күні Каирде өтіп жатқан сот процесінде прокурор бұрынғы президент пен бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әд-Адлиді өткен жылғы қаңтар-ақпан айларында шеуге шыққандарға қарсы оқ атып, «әдейі кісі өлтіргендер» деп айыптап, өлім жазасы берілуін сұраған болатын.

Шерушілердің өліміне қатысты сотқа Мүбарак және әл-Адлимен бірге бұрынғы президенттің екі ұлы да тартылған. Сот 9 қаңтарға дейін жалғасады.