Stan.tv журналистері мәлімдеме жасады

Stan.tv бейнепорталының веб-сайты. Көрнекі сурет.

Бүгін Stan.tv бейне порталының журналистері Маңғыстау облысындағы мұнайшылар ереуілі жайында хабар таратуды бастағалы өздеріне құқық қорғау органдары тарапынан қысым жасау күшейіп кетті де мәлімдеме жасап, президент Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Алматыда баспасөз жиынын өткізген бейнепорталдың бас редакторы Әсел Лімжанова, бас редактордың орынбасары Жұлдыз Төлеу, "Тәуелсіз" саяси ток-шоуының авторы Қасым Аманжол бейнепортал журналистері мен олардың туыстарына жаздан бері құқық қорғау органдарының қысым жасап келе жатқанын айтты.

Баспасөз мәлімдемесінде Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сында болған оқиғалардан бері жиі тергеуге ұшырағанын айтқан журналистер өздерінің "есірткіге әуестенбейтіндерін, ешқандай экстремистік ұйымдармен байланыстары жоғын, қару ұстамайтындарын" айтады.

Stan.tv бейнепорталының журналистері бұған дейін де ҰҚК қызметкерлерінің қысым жасағанын мәлімдеген.