Назарбаева Жаңаөзенге қатысты пікірін айтты

Дариға Назарбаева zakon.kz ақпараттық порталында онлайн конференция өткізді. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күні болған оқиғаларға "жағдайды бетімен жіберген жауапты тұлғалардың қырсыздығы да себеп болды" деді. Дариға Назарбаева бұл туралы бүгін zakon.kz ақпараттық порталында өткізген онлайн конференциясында.

"Аталған аймақтың ерекшелігін, қыр-сырын, ондағы ішкі және сыртқы процестерді елемей, жағдайды бетімен жіберген жауапты адамдардың қырсыздығы анық көрініп тұр. Әрине, жағдай кеше ғана бастала салған жоқ. Ол ұзақ уақыттан бері пісіп-жетіліп келе жатқан. Өкінішке қарай, соңы осындай қақтығыс пен қантөгіске ұласты" деген Назарбаева Жаңаөзен оқиғасына қатысты.

Ол сондай-ақ "Бұл трагедияның себебі біз ойлағаннан арыда жатыр. Ол тек еңбек дауынан ғана туындамаған" деген.

Дариға Назарбаева "Нұр Отан" партиясының атынан 15 қаңтарда өтетін парламент жәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде ұсынылған.