Оралда үміткерлер сайлауға түспейтініне наразы

Бүгін Оралда қалалық мәслихат депутаттығына сайлануға өзін-өзі ұсынып, кейін сайлауға түсу құқынан айырылған сегіз үміткер наразылық шарасын өткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Наразылық Оралдағы орталық алаңда орналасқан қалалық сайлау комиссиясы ғимаратының алдында өтті.

Наразылық танытушылар Орал қалалық сайлау комиссиясы өздерін "салық декларациясын дұрыс тапсырмады" деген себеппен сайлауға түсу құқынан айырғандарын айтып, үміткерлікке қайта тіркеуді талап еткен. Үміткерлердің арасында "Азат" ЖСДП-ның өкілдері де бар.

Үміткерлер бұдан ары жоғарғы сотқа дейін шағымданатындарын айтады.