Питердегі қазақстандықтар да сайлауға қатысады

Жексенбі күні Санкт-Петербургте тұратын Қазақстан азаматтары үшін парламент мәжілісінің депутаттарына дауыс беретін сайлау учаскесі консулдық үйінде ашылады деп хабарлайды Смольныйдың баспасөз-қызметі.

Ал бұл аралықта штаб-пәтері Санкт-Петербургте орналасқан ТМД елдері Парламент аралық ассамблеясының халықаралық бақылаушылары сайлаушылардың дауыс беру процесіне бақылау жасау үшін Қазақстанға барды деп хабарлап отыр ассамблеяның баспасөз-қызметі.

Делегацияны Ресей Федерациялық кеңесінің төрағасы Александр Торшин бастап барған. Бақылаушылар құрамында ТМД-ның 7 мемлекетінің өкілдері бар.

Қазақстанда парламент сайлауы жексенбі күні өтеді.