ЖСДП: "Нұр Отанға" қайтара дауыс берушілерді анықтадық

ЖСДП өкілдері "сайлау кезінде Алматы қаласында заң бұзылғанын анықтадық" дейді.

Тілшіміздің хабарлауынша, партия белсенділері Абай даңғылы мен Манас көшелерінің қиылысында "Нұр Отан" партиясына дауыс беріп жүрген 50-ге тарта адамы бар, мемлекеттік нөмірі А158НВО автобусын анықтаған. Партия белсендісінің айтуынша, автобустағы әйел адам "Нұр Отан" партиясына дауыс бергені үшін 2 мың теңгеден берілетінін айтқан.

Автобустағы 50-ге тарта адам Ораз Жандосов атындағы №105 мектеп-гимназиясында орналасқан № 193, 194 сайлау учаскелеріне дауыс берулері тиіс болған дейді партия өкілдері.

ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілев прокуратураға, ішкі істер министрлігіне хабарласқанын, бірақ прокуратура "тиісті адамның орнында жоғын" ескерткенін, ал ішкі істер министрлігінде телефон тұтқасын көтермегенін айтады.