Мәсімов қайтадан премьер-министр болып сайланды

Қазақстанның қайта сайланған премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Бүгін парламент палаталарының бірлескен сессиясында мәжіліс депутаттары премьер-министр Кәрім Мәсімов үкіметіне сенім білдіріп, оны премьерлікке қайта сайлауды қолдап дауыс берді деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Бұған дейін премьер-министр Кәрім Мәсімов заңға сай жаңадан сайланған парламент депутаттарының алдына үкіметке сенім білдіру мәселесін қойған болатын. Мәсімовті 93 депутат қолдап дауыс берген.

Кәрім Мәсімов 2007 жылдың 10 қаңтарынан бері премьер-министр қызметін атқарып келеді.