Хорватияда референдум өтіп жатыр

Референдумда дауыс беріп жатқан сайлаушы. Загреб, 22 қаңтар, 2012 жыл.

Бүгін Хорватия тұрғындары 2013 жылы елдің ЕуроОдаққа кіру - кірмеу тағдырын референдумда дауыс беру арқылы шешеді.

Қоғамдық сауалнама нәтижелері елдің басым бөлігінің Хорватияның одаққа қабылдануын қолдайды.

Дегенмен де сенбі күні елдің астанасы Загребте ұлтшылдардың мыңдаған жақтастары еуропалық ықпалдастыққа наразылық танытып шеру өткізді.
Полициямен қақтығыста бірнеше адам жарақат алып, үш кісі ұсталған.

Хорватия 2013 жылдың шілде айында ЕуроОдаққа кіру туралы келісімге өткен жылықол қойған болатын.