Нұржан Өркешбаевқа Атыраудан үй берілді

Атыраулық Нұржан Өркешбаев.

Ерте қартаю ауруына ұшыраған Атыраулық 20 жастағы Нұржан Өркешбаевқа Атырау қаласының "Нұрсая" шағын ауданынан жаңа пәтер берілді. Бұл туралы Азаттық радиосына Нұржанның әкесі Жаңбырбай Өркешбаев хабарлады.

Нұржан Өркешбаевқа 2011 жылдың желтоқсанында Алматыда тегін пластикалық операция жасалып, сәтті өткенін Азаттық радиосы хабарлаған. Алда әлі екі операция жасалуы керек.