Аяз бен қалың қардан мектептерде сабақ тоқтады

Атырау облысының Индер ауданында қардың қалың түсуінен 28 қаңтардан бастап 16 мектепте сабақ тоқтатылды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Қардың қалыңдығы кей жерлерде 2 метрден асады.

Агенттіктер сонымен қатар Астана қаласында да қатты аяздың кесірінен мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылғанын хабарлады.

Ақмола облыстық білім басқармасына сілтеген "Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарына қарағанда, бүгін қатты аяздан Ақмола облысындағы 595 мектепте сабақ жартылай тоқтатылған.