Ақпанның 2-сі Лондон университетіндегі шығыстану және африкатану мектебінде (SOAS) "Тұрақтылық пен трансформацияның ортасында тұрған Қазақстан: сайлау, саясат және наразылық" атты дөңгелек үстел өтеді. Жиында шетелдік және қазақстандық мамандар мен жалпы қатысушылар 2012 жылғы қаңтарда өткен парламент сайлауына қатысты ой-пікірлерін айтады.
Негізгі баяндамашылар: Торонто университетінің доценті Эдвард Шатц, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Қайрат Әбусейітов және шығыстану және африкатану мектебінің доценті Бавна Даве.
Дөңгелек үстел жергілікті уақыт бойынша 17.30-да басталады.