Барак Обама: Сенім мен моральға сүйенемін

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама христиан дінін ұстануы мен моральдық құндылықтарды қатаң басшылыққа алуы Ақ үйдегі қызметіне көп көмегін тигізгенін мәлімдеді.

Ол мұны ақпанның 2-сі күні Вашингтонда елдегі бүкіл діни жетекшілердің басын қосып, ертеңгілік қонақасы беретін жыл сайынғы рәсім кезінде мәлімдеген.

Обаманың айтуынша, діни сенімі оған елдің күрделі проблемаларын, оның ішінде экономикалық мәселелерді шешуіне жиі көмектеседі. Ол бұған мысал ретінде дәулетті америкалықтарды салықты көбірек төлеуге мәжбүрлегенін, ал оған діни сенімінің әсер еткенін айтты. Обама мұны діни сенімнің экономикалық астары ретінде түсіндірді.