Украинада 131 адам аязда үсіп өлді

Украин қызы үскірік аяздае бетін тұмшалап алған. Киев, 1 ақпан, 2012 жыл.

Қаңтар айының аяғынан бері Украина жерін қысып тұрған қатты аяз салдарынан 131 адам құрбан болған.

Бүгін Украина денсаулық сақтау министрлігі үсік шалып, денсаулықтарына зақым келген 2 мыңдай адамның медицина мекемелеріне қайрылғанын, олардың 1800-дейі ауруханаларға жатқызылғанын хабарлаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне қарағанда, Украинада 3 мыңнан астам жабдықталған жылы орындар ашылған, ол жерлерге күн сайын ондаған мың адам келіп, жан сақтайды.

Ауа райын болжаушылар үскірік аяздың бір аптадан кейін беті қайтып, күн жылына түсетінін айтады.