Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік департаменті "Егер Сирия президенті Башар әл-Асад үкіметі Құрама штаттардың дипломатиялық корпусының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаса, онда мұндағы елшілігін жабады" деп мәлімдеді.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Уильям Хейг Лондонның Башар әл-Асад режимінің демонстранттарды басып-жаныштауына "наразылығын" білдіруде түрлі тәсілдерді қолданып жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, Ұлыбритания өз наразылығын жеткізу үшін Сириядағы елшісін сыртқы істер министрлігіне кеңесуге шақыртып алған.
Ал кешелі бері Сирияның қауіпсіздік күштері бірнеше қалаға жаңадан шабуыл жасап, ондаған адам қаза тапты. Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Хомс қаласын үкімет күштерінің бомбалауынан ғана 17 адамның мерт болғанын хабарлады.