Қытай полициясы екі тибеттікті атып тастады

Сычуан провинциясындағы монахтар. Қытай, 26 қаңтар 2012 жыл.

Қытайдың қауіпсіздік күштері қаңтар айында Тибетте қытайлықтарға қарсы өткен наразылық шерулеріне қатысқан тибеттік ағайынды екі адамды атып тастады.

АҚШ-та орналасқан "Radio Free Asia" радиосының хабарлауынша, 40 жастағы монах Еше Ригзал мен 38 жастағы Еше Самдрубты кеше Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуан провинциясында атып тастаған.

Ағайынды екеу 23 қаңтарда Сычуанның Луху қаласында тибеттіктердің Қытай билігіне қарсы бас көтеруіне қатысып, содан бері қытайлық қауіпсіздік күштерінен қашып жүрген.

23 қаңтарда Тибеттің басқа да аудандарында қытайлық басқаруға қарсы наразылықтар болды.