Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко өзін айыпты деп санамайды, сол себепті де президенттен кешірім сұраған өтініш жазбайды деп мәлімдеген оның адвокаты Сергей Власенко «Зеркало недели. Украина» апталық басылымға берген сұқбатында. Адвокаттың сөзіне қарағанда, егер пезидент Янукович кешірім жасау шешімін Тимошенконың өтінішінсіз қабылдаса да ол рақымшылыққа келіспеуі мүмкін.
Украинаның экс-премьер-министрі Юлия Тимошенко 2009 жылы Ресеймен газ келісім-шарттарын жасауда өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 7 жылға түрмеге қамалған.
Оппозиция қылмыстық кодекстің бұрынғы премьер айыпталған бабына қатысты парламенттің осы қылмыстық баптар қатарынан алып тастау шешіміне қол жеткізе алмай келеді.