Мемлекеттік ақпарат қызметінің хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, сайлаушылардың 80 пайызы дауыс беруге қатысқан. Жалпы сайлаушылар тізіміне 3 миллион адам енгізілген.
Сайлаушының 50 пайыздан астамының қолдауына ие болған кандидат жеңіске жетеді.
Түркіменстандағы президент сайлауына 2 мыңдай ұлттық бақылаушы мен ТМД елдерінің бақылаушылар миссиясы мониторинг жүргізді.
Ел конституциясына сәйкес, Түркіменстан президенті 5 жыл мерзімге сайланады.