Түркіменстан шетелдіктердің елге келуін шектеді

Шекара бекетінде құжат көрсетіп тұрған жолаушылар. Көрнекі сурет.

Түркіменстан мемлекеттік ту күні мерекесіне байланысты шетел азаматтарының жеңілдетілген тәртіппен елге келуіне бес күн бойына шектеу қойды деп хабарлады Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасаған "ҚазТАГ" агенттігі.

Департаменттің хабарлауынша, шектеу ақпанның 15-і мен 20-сы аралығына қойылған.

Бұған дейін Маңғыстау облысының тұрғындары Түркіменстанның Балқан уәлаятына жеңілдетілген тәртіппен бес күнге визасыз баратын.