Ақпанның 21-і ауа-райы күрт бұзылып, үш облыста жол учаскелері жабылды деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.
Жамбыл облысында қар ұшырған желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жеткен. Сол себепті Алматы-Ташкент жолының 525-593 шақырым аралығында көлік қозғалысы тоқтатылған.
Қарағанды облысында да күн қатты суытып, Жезқазған-Қарағанды және Балқаш-Сарышаған жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.
Ал Алматы облысында ақпанның 21-іне қараған түннен бастап Алматы-Өскемен жолының Алматыдан Қапшағай қаласына дейінгі бөлігінде жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылған. Бұған қар қалың түсіп, жолдың тайғақ болуы себеп болды.
Алматы қаласында сейсенбіге қараған түні алдымен жаңбыр, артынан қалың қар жауып, көлік қозғалысын қиындатып жіберді.
"Қазгидромет" мекемесі Азаттық радиосына алдағы уақыттағы ауа-райына жасаған болжамы турасында баспасөз жиынын өткізетінін хабарлады.