Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланды

Виктор Храпуновқа қатысты Интерполда жарияланған мәлімет. 22 ақпан 2012 жыл.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланды. Интерпол халықаралық полиция ұйымының вебсайтындағы мәліметке қарағанда, Қазақстан билік орындары Храпуновты «алаяқтық жасады, қаржы жымқырды және ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар» деген айыппен іздеп жатыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 63 жастағы Виктор Храпунов 2008 жылдан бері Швейцарияда тұрады. 2009 жылдың желтоқсан айында француздық «Билан» журналы оны Швейцариядағы ең дәулетті 300 адам санатына қосқан еді.