Ауғанстанның Жалалабад қаласының әуежайында бүгін қуатты жарылыс болды.
Жергілікті полиция өкілі Хаздар Мохаммадтың айтуынша, жарылыстан алты адам қаза тапқан. Оқиғаға куә болғандардың бірі әуежайға кіреберісте жарылған төрт көлікті көрген. Жарылысқа жауапкершілікті Талибан мойнына алды.
Әуежай азаматтық және әскери ұшақтарға бірдей қызмет көрсетеді.
Баграм әуе базасында Құранның өртелуіне қарсылық акциялары да күшейіп барады. Осыған байланысты Германия Ауғанстанның үкіметтік мекемелерінде қызмет істейтін азаматтарын шақырып алатынын мәлімдеген.
Ал жексенбіде Ауғанстанның ішкі істер министрлігінде америкалық екі кеңесшіні белгісіз біреулер атып кетті.