Ресейдің "Бірінші арна" телеарнасы Ресей және Украинаның арнаулы қызметтері Ресей премьер-министрі Владимир Путинге қастандық жасауды жоспарлап жүрген топты ұстағанын хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, Украинаның қауіпсіздік қызметі Одессада Илья Пьянзин және Адам Осмаев есімді халықаралық іздеуде жүрген екі адамды ұстаған. Олар тергеу кезінде президент сайлауы өтісімен Путинге қастандық жасауды жоспарлағандарын мойындаған.
Телеарна қастандықты Солтүстік Кавказдағы исламшыл бүлікшілер жетекшісі Доку Умаров ұйымдастыруы мүмкін деген жорамал айтады.
Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ.