Ресейде белсендіні психиатриялық ауруханаға жатқызды

Ресейде оппозициялық "Солидарность" қозғалысының белсендісі Надежда Низовкина үкіметке қарсы шерулерге қатысқаны үшін психиатриялық ауруханаға жабылды.

Надежда Низовкина сенбі күні Мәскеуде Қызыл алаңда "Лубянка күйресін" деген жазуы бар плакат ұстап шыққан болатын. Онымен бірге ұсталған тағы бір белсенді Вера Лаврешинаны полиция босатты. Ал Низовкинаны Мәскеудегі Ганюшкин психиатрлық аураханасына жіберген.

СССР кезінде КГБ диссиденттерді психиатриялық ауруханаға жабу тәсілін жиі қолданатын.