ЕҚЫҰ: Қырғызстан Fergananews-ті бұғаудан босатсын

Бұғауланған Fergana.ru веб-сайтының басты беті. Көрнекі сурет.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігін қорғау жөніндегі өкілі Дуня Миятович Қырғызстан үкіметін Fergananews.com веб-сайтын дереу бұғаудан босатуға шақырды.

Fergana.ru және Fergana.news атауымен белгілі веб-сайтты мемлекет бақылауындағы интернет қызметін ұсынатын "Қырғызтелеком" компаниясы бұғаулап тастаған болатын.

Интернет қызметін ұсынатын тағы бір компания - "Акнетке" де осындай нұсқау берілген. Бірақ басқа провайдерлер өздеріне мұндай нұсқау берілмегенін айтады.

Өткен жылдың маусымында қырғыз депутаттары бұл веб-сайттың ел аумағында таралуына шектеу қоюға дауыс берген болатын. Депутаттар сайтты 2010 жылғы маусымда елдің оңтүстігінде болған этникалық қақтығыстар жайында "біржақты және арандатушылық сипатта" хабар таратты деп айыптаған еді.