Жаңаөзен оқиғасын зерттеу үшін құрылған "Жаңаөзен-2011" халықаралық комитетінің өкілдері келесі аптадан бастап аштық жарияламақ.
Жаңаөзен қаласына жасаған төрт күндік сапарларынан соң комитет өкілдері - "Журналистер қатерде" қорының президенті Рамазан Есіргепов, саясаткер Жасарал Қуанышәлин, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов Алматыда баспасөз жиынын өткізді. Олардың айтуынша, комитет полицияның халыққа оқ атуының себептерін анықтау, қуғындалған мұнайшы белсенділер мен оппозиция өкілдерін қорғау және оларды босату бағытында жұмыстар жасаған.
"Билік Жаңаөзенде полицияның халыққа оқ атуының шынайы себебін ашуға кедергі келтіріп отыр" дегенді алға тартып, Рамазан Есіргепов, Жасарал Қуанышәлин, Ғалым Ағелеуов бірнеше талаппен келесі аптада аштық жариялайтынын хабарлады.
Олар билікке халыққа оқ ату себептерін анықтауға кедергі келтірмеуді, оқиға куәгерлеріне сөз бостандығын беруді талап етпек. Аштық жариялайтындар қамаудағы мұнайшылар мен оппозиция өкілдерін босатып, ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсыруды, соттың ашық және әділ болуын талап етеді.