Тәжікстанда бірнеше сайт ашылмай қалды

Бүгін Тәжікстандағы төрт интернет-провайдердің үшеуі Facebook әлеуметтік желісін және Tjknews.com, Maxala.org, Zvezda.ru сайттарын ел аумағында бұғаулап тастады. Бұл сайттар жуықта Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды сынаған материалды бір-бірінен көшіріп басқан еді.

Провайдер компаниялардың бірінің айтуынша, оларға Тәжікстан үкіметіндегі байланыс қызметінен кейбір ресурстарды «қажет болғандықтан» жабу туралы ауызша бұйрық келген дейді РИА-Новости агенттігі.

Тәжік билігі бұл оқиғаға байланысты ешбір түсініктеме берген жоқ.

Тәжікстанда бұған дейін «Фергана.ру» және «Центразия.ру» сайттары ашылмайтын.