БҰҰ адам құқықтары кеңесінің жыныстық азшылық жөніндегі сессиясы кезінде Ислам ынтымақтастығы ұйымы атынан сөйлеген Пәкістан өкілі бұл мәселені айтпауды сұрады. Сәлден кейін араб және кейбір Африка елдерінің өкілдері біржынысты некенің заңдылығын мойындамайтындарын айтып, жиыннан кетіп қалды.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әлемде адамдарды жыныстық ерекшелігіне бола тұтқындау, азаптау мен өлтіруді «зор қасірет» деп атады. Қазір БҰҰ құрамындағы 192 елдің 76-сында гомосексуализм қылмыс деп есептеледі. Араларында Иран бар бес елдің заңы ондай адамдарды өлім жазасына кеседі.
Өткен жылы маусым айында БҰҰ-ның жыныстық азшылық өкілдерін қорғау жөніндегі резолюциясы жарияланған. Ол құжаттың қабылдануына Пәкістан, Сауд Арабиясы, Ресей бастаған бірнеше ел қарсы болды.