Ауғанстанда жарылыстан 11 адам жараланды

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятында жол шетіне қойылған бомба жарылып, кем дегенде 11 адам жараланды.

Ресми есепке қарағанда, бейсенбі күні Джелалабад қаласында болған бұл жарылыстан зардап шеккен адамдардың төртеуі - полицейлер.

Жарылыстың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.