Ресейде 7 бала ата-анасымен бірге өртеніп кетті

Ресейдің Тамбов қаласында тұрғын үйден шыққан өрт. Көрнекі сурет

Ресейдің Пермь қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, тоғыз адам қаза тапты. Билік өкілдерінің айтуынша, өртенген үйден ерлі-зайыптылар мен сол отбасының 7 баласының мәйіті табылған.

Төтенше жағдайлар қызметі Моховое ауылындағы 4 қабатты үй жұма күні таңертең өртке оранғанын айтты.

"Үйде болғандар өрттен шыққан көміртегі газына улануы мүмкін" дейді құтқарушылар. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.