Ливиялықтар Киренаики автономиясына қарсы

Ливиядағы екі ірі қаланың мыңдаған тұрғыны елдің бір аймағының автономия жариялағанына орай шеруге шықты.

Триполи алаңына жиналған бес мыңдай адам бұл бастамаға наразылықтарын білдіріп тұр.

Бенгазиде де төрт мыңдай адам шеруге шықты. Бұл қалада бірнеше күн бұрын рубасылар мен қоғам қайраткерлері Киренаики аймағын басқару кеңесін құратындарын мәлімдеген.

Киренаики - Ливияның шығысындағы, Египеттен Жерорта теңізі жағалауына дейін созылып жатқан өлке. Елдегі мұнай қорының көбі осында. Автономияны жақтаушылардың айтуынша, бұрынғы президент Муаммар Каддафи жасап кеткен аймақты оқшаулауды осындай саяси жолмен ғана шешу мүмкін.