Абхазияда парламент сайлауы өтті

Абхазияда халық мәжілісі депутаттарының сайлауы өтті. Мойындалмаған республиканың орталық сайлау комиссиясының айтуынша, сағат түскі 3-ке дейін дауыс берушілердің саны төменгі шектен - 25 пайыздан асқан.

Елдің ішкі істер министрі Отар Хеция сайлау барысында заң бұзылмағанын айтты.

Абхаз парламентіндегі 35 орынға ие болу үшін сайлауға төрт партиядан 148 кандидат қатысты. Сайлауды шетелдік 40-қа жуық бақылаушылар бақылады.

Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін Ресей ғана 2008 жылғы Грузиямен арада болған әскери қақтығыстан кейін мойындаған. Әлемдегі елдердің көбі бұл екі республиканы тәуелсіз мемлекет деп танымайды.