Бердімұхамедов Украинаға барды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов дүйсенбіде үш күндік сапармен Украинаға барды.

Украинада ол президент Виктор Януковичпен екі ел арасындағы қарым-қатынас, оның ішінде басты орында Украинаның түркімен газын сатып алуға қатысты келісімдерге қол қоймақ.

Янукович түркімен газын тұтыну жайында келіссөздерді өткен жылы Түркіменстанға жасаған сапарында бастаған болатын. Украина қазір Ресей газының 1000 текше метрін 416 АҚШ долларына сатып алады. Ал Түркіменстан газын 1000 текше метріне 200 АҚШ долларына сатып алмақ ниеті бар. Бірақ екі елді жалғайтын жалғыз газ құбыры Ресей арқылы өтеді.

Бердімұхамедов - соңғы 10 жылда Украинаға барған Түркіменстанның алғашқы президенті.