Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Еуроодақ елдеріне "Беларусьтен шақыртып алған елшілерін бір аптаның ішінде кері қайтаруды" ұсынды.
Эштон "елшілер Минскіге Еуроодақ елдері сыртқы істер министрлерінің 22-23 наурызда болатын кездесуіне дейін оралуы керек" деді.
Бұл кездесуде Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізілуі де мүмкін.
Еуроодақтың 27 мемлекеті ақпанның аяғында, ресми Минск Польша мен Еуроодақ өкілдерін елден шығаратынын мәлімдеген соң Беларусьтегі елшілерін шақыртып алған.
Қарым-қатынастың бұлай шиеленісуіне Еуроодақтың "оппозиция өкілдерін қудалауға қатысы бар" Беларусь шенеуніктеріне еуроаймаққа келуіне тыйым салуы себеп болған.